Белка және Стрелка – ғарыш зерттеуінің нағыз бастаушылары. Қиын мезетте Адамдарды Күзету Комитеті кімге сүйене алады? Бұл – адамзатты жойылып кетуден сақтау мақсатында, Жер бетіндегі барлық жануарларды біріктіретін құпия ұйым. Маймыл Генерал иттерге тапсырма береді: планетаға маңызды өсімдіктердің өліп кетуінің себептерін анықтау. Белка және Стрелка наносерікті пайдаланатын болды. Бірақ ол инновациялық құрылғыны қалай құрастырса болады? Олар UniSat-тың жас инженер-қыздарының көмегісіз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Хасен Малика
Software engineer НИШ ФМН Астана Мен ғарыш пен жаңа технологияларды барлығына қолжетімді еткім келеді
Косман Мерей
Мусальдинова Камила
UI/UX Дизайнер НИШ ФМН Астана Мен басқаларға жаңа салаларды зерттеуге және ғылымға енуге мүмкіндік бергім келеді
Билисбекова Ясмин
Иллюстратор, дизайнер Astana Garden School Мен бір кезде мен сияқты ғарыш әлемін көбірек адамдар ашқанын қалаймын.
Омарходжаева Дана
UI/UX Дизайнер Алматы Менеджмент Университеті, 4 курс Big4-тегі кепілдік стажер, қаржы саласындағы онлайн академияның өнім менеджері
Sowtware engineer BINOM School Астана Қызықты оқу шабыт пен жаңа ашуларға әкеледі деп сенемін.
БІЗДІҢ ТОП
ОЙЫН ЖАСАУҒА ҚАТЫСУ
Жаңа оқиғаға идея бар ма? Ойынға өзіңіздің кейіпкеріңізді қосқыңыз келе ме? GitHub-Тағы біздің тобымызға қосылып, UniSat Game үшін контент жасаудын қызықты үрдісінің бір бөлігі болыңыз! Ойын Open Source стандарттары бойынша жасалған, ол біздің кодымызбен кез келген адам жұмыс жасап, өзінің жетілдірулерін енгізе алады. Басқалар сіздің шығармашылығыңызбен танысып, тәнті болу үшін, GitHub-қа өзіңіздің деңгейлеріңіз бен сценарийлеріңізді ортақ желіге жүктеңіз.
Идеяларымызды бірге іске асырайық!
LEVEL UP БАҒДАРЛАМАСЫ
UniSat Game – GameLab KBTU менторларының қолдауымен, Level Up жобасының жеңімпаздар тобымен жасалған білім беру ойыны. Level Up – GameLab KBTU және Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының(ЮНИСЕФ) бейнеойындар жасау және геймификация жайлы білім беру жобасы, ол ЮНИСЕФтің STEAM-бағытындағы қыздарды қолдаудың әлемдік бастамасының бір бөлігі.
2023 жылы Samgau Digital платформасында Level Up тегін онлайн-курсы іске қосылды. Бүкіл Қазақстаннаң жүзден аса қыз бірінші ағынның қатысушылары болды, ал олардың ішінен 50 Алматыдағы Қазақ-Британ Университетінде өткен геймификация бойынша UniSat хакатонында кездескен болатын. 10 концепция таныстырылып, олардын ішінен UniSat курсына енгізуге арналған ең тиімдісі таңдалды.
UNICEF ЖАЙЛЫ
ЮНИСЕФ әр баланың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді. Өзінің міндеттерін іске асыру үшін, серіктестерімен бірге, ЮНИСЕФ 190 мемлекет пен әлем аумақтарында жұмыс жасайды. Әсіресе, балалардың аман-саулығы үшін, әлемдегі түпкір түпкіріндегі ең бишара және оқшауланған балаларды қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. . ЮНИСЕФ жұмысы туралы толық ақпаратты www.unicef.org сайтында таба аласыз
gamelab кбту
GameLab KBTU бейнеойындар зерттеу және жасау зертханасы 2022 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетінде, бейнеойындар жасауға, ойын жасау бойынша білім беру бағдарламаларын жүргізу, студенттердің жобаларының менторингін жүргізу және геймификация және бейнеойындар саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында құрылды.
Толық ақпаратты Gamelab KBTU сайтында таба аласыз.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Иә, ойынды ұялы құрылғылардағы браузерлары арқылы ойнауға болады.
Кез келген заманауи браузер істеуге тиіс. Ойынды компьютерде де, ұялы телефонда да қосуға болады.
Белка және Стрелкаға тапсырманы орындауға көмектесу, ойыншылар серікті жинау және ақпаратты талдаудағы тәжірибелік дағдыларын шынықтырады.
Ойын мәзір немесе сенсор экраны арқылы ойнауға есептелген. Бөлшектерді жылжытып, серікті құрастырыңыз. Бөлшекке басқан кезде оның сипаттамасын көруге болады. Екінші басу – сипаттаманы жабады.
Ойында тіркеулік жазба жасау қарастырылмаған, сондықтан прогресс сақталмайды.Ойын сессиясы, орташа есеппен, 5 минуттай уақыт алады, сол ойынның ортасында үзіліс жасап, одан кейін процессті жоғалтып алуға қорықпаңыз.
Біз бұл ойынды өзіміздін құрдастарымыз үшін жасадық – 15-19 жас. Бірақ ойын басқа да аудиторияларға қызық болу мүмкін және оның жас бойынша қатаң шектеулері жоқ.
Қазіргі уақытта, жоқ. Бірақ жақын арада қауымдастыққа арналған орта құруды жоспарлап жатырмыз.
Техникалық сұрақтар бойынша gamelab@kbtu.kz-ға жазыңыз
Иә, ойын кез келген адам еш қиындықсыз жаңа деңгейлер мен кейіпкерлерді қосып, сюжетін өзгертіп және ойынды өз сайттарына жүктеп алатындай жобаланып жасалған. Сіз жобаның бастапқы кодын осы сілтеме бойынша таба аласыз.
Біз пайдаланушылардын ақпараттарын жинап, сақтамаймыз. Ойын үшін Cookie файлдары пайдаланылмайды. Бірақ, ойынды жетілдіру үшін, ойынға аттрибуциясыз тәртіптің аналитикасы енгізілген(біз пайдаланушылардын қайсысы қандай іс-әрекет жасап жатқанын білмейміз).
Ойын браузерлік болған соң, оны тек онлайн ойнауға болады.
Ойын түрінде наноспутниктердің құрылымын зерттеуге арналған платформа